Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Жүлде алған боксшыларға қомақты сыйақы беріп отырамын – Шахмұрат Мүтәліп

21.05.2025, 11:47

Федерация басшысы Азия ойындары, әлем чемпионаты, Олимпиададан жүлде алған спортшыларға көлемді сыйақы бермек

Жүлде алған боксшыларға қомақты сыйақы беріп отырамын – Шахмұрат Мүтәліп
ҚБФ

Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп тілшілерге алдағы жоспарларымен бөлісті.

- Биыл бокстан Қазақстан кубогы деген жарыс ұйымдастырғалы жатыр екенсіздер...

- Иә, бұрындары Конференция кубогы деген болды. Ол жарыс тоқтап қалды. Осы форматты жаңғыртып, өңірлердегі боксты және резервті дамыту мақсатында қолға алдық. Бұл жарыс қыркүйек айында басталды. Үш айға созылады. Әрбір өңір толық құрамда қатысады. Құраманың 1-2 нөмірлі боксшылары қатыспайды. Қайта жаңғыртылған жарыстың жүлде қоры 150 000 долларын құрайды. Жеңімпазға 80 мың, екінші орынға 40 мың, үшінші орынға 20 мың және төртінші орынға 10 мың доллар береміз.

Былтыр Қазақстан спартакиадасы өтті. Сол кезде 4 облыс ғана толық құрамда қатысты. Биыл Қазақстан кубогына барлық облыс толық құрамда қатысқанын қадағалаймыз.

- Бұрындары осы форматтағы жарысқа Қостанай облысы украиналық Александр Усикті шақырғанын білеміз. Өңірлер шетелден боксшылар шақыруы мүмкін бе?

- Легионерлер болмайды. Бұл жерде отандық спортты дамытуымыз керек.

- Қыздар әлем чемпионатынан алтынмен оралғанда 100 мың доллардан бердіңіз. Ерлер құрамасын да қомақты сыйақы күтіп тұр ма?

- Иә, Азия ойындары, әлем чемпионаты, Олимпиада ойындарында жүлде алғандарға сыйақы тағайындаймын.

- Шри-Ланкада 22 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бірақ бұл құраманы федерация емес, министрлік жасақтаған деген әңгімелер айтылды. Бұған не дейсіз?

- Бұл жалған ақпарат. Біз министрлік қолдауымен жүзеге асырып жатырмыз. Бокстың дамуына серпін беруі тиіс. Ұлттық құрамаға ілінбей қалғандар болады. Олардың арасында да мықтылары бар. Кішкене жұмыс істеп қолдап жіберсе, чемпиондар шығып қалуы тиіс. Сол боксшыларды өзіміздің ағамыз, Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев дайындап жатыр. Жаңа бағыт. Бастамасы жаман емес, өте жақсы нәтиже көрсетуде

- Астанадағы әлем кубогына кімдер қатысады?

- Бүгінгі таңда 25 елден 200-ден астам спортшы қатысуға ниет білдірді. Өтінім қабылдау 3 маусымға дейін жалғасады. Әр түрлі федерациялармен сөйлесіп жатырмыз. Әлі де бұл тізім толығады. Біздің жоспар бойынша 35 елден 350-400-ге жуық боксшы келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам