Өзбекстанда IBA ұйымдастырған бокстан әлем чемпионатындағы төрешілікті «цирк» деп атады

Telegram WhatsApp

Пікір қалдырудың өзі артық

©t.me/boxinguzbekistan
©t.me/boxinguzbekistan

Өзбекстандық Yuz.uz басылымының журналисі Абылай Камалов Дубайда (БАӘ) өткен Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған 2025 жылғы бокстан әлем чемпионатындағы төрешілікті қатаң сынға алды.

Автордың ерекше наразылығын Өзбекстанның олимпиада чемпионы Абдумалик Халоковтың ресейлік Всеволод Шумковтан жеңілуі туғызған.

«Абдумалик Халоков (-60 кг) ресейлік Всеволод Шумковқа төрешілердің қақ жарылған шешімімен (3:4) жеңілді. Есепке назар аударыңыз. Ереже бойынша жекпе-жекті бес қапталдан төреші бағалайды, сол арқылы даулы жағдайда жеңімпаз анықталуы тиіс. Ал бұл жолы тағы екі төреші қосып, олимпиада чемпионы әрі екі дүркін әлем чемпионының жеңілісін «ақтауға» тырысқан. Бұл – нағыз цирк»

деп жазды Камалов

Сондай-ақ ол 1/8 финалда қазақстандық боксшы Ерасыл Жақпеков пен ресейлік Джамбулат Бижамов арасындағы жекпе-жекте қабылданған даулы, тіпті кей сарапшылар «жанжалға толы» деп бағалаған шешімге назар аударды. Бұл жағдай жеребенің әрі қарайғы барысына тікелей әсер еткен.

Аталған кездесуде Жақпеков үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жібергенімен, төрешілер жеңісті Бижамовқа берді. Кейін ол финалда өзбекстандық Жавохир Умматалиевті жеңіп, әлем чемпионы атанды.

«Жавохир Умматалиев (-80 кг) ресейлік Джамбулат Бижамовтан төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңілді. Бұл – Ерасыл Жақпековпен болған жекпе-жекте төрешілер «құлағынан сүйреп»  шығарған сол Бижамов. Пікір қалдырудың өзі артық. Әйтпесе Умматалиев пен Жақпеков арасындағы әдемі финалды көрер едік»

деп қосты журналист

Камалов ауыр салмақтағы жекпе-жектерді де назардан тыс қалдырмады:

«Ал ары қарай бәрі алдын ала жазылған сценарий бойынша өтті. Турабек Хабибуллаев (-92 кг) ресейлік Муслим Гаджимагомедовтан, ал Арман Маханов (+92 кг) тағы бір ресейлік Давид Суровтан жеңілген болып жарияланды. Айтар сөз жоқ»

деп түйіндеді ол

Айта кетейік, IBA ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатының медальдық есебінде Ресей құрамасы топ жарды: 7 алтын, 5 күміс және 1 қола. Екінші орынға Қазақстан (3 алтын, 1 күміс, 2 қола), үшінші орынға Өзбекстан (2 алтын, 4 күміс, 3 қола) ие болды.

Жарыс жеңімпаздарына 300 мың доллар, күміс жүлдегерлерге 150 мың доллар, қола медаль иегерлеріне 75 мың доллар, ал ширек финалға шыққан боксшыларға 10 мың доллардан сыйақы қарастырылған.

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 57 138 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 268 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 506 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 578 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 278 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 169 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 278 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 821 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 498 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 327 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 303 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 478
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›