Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының сыйақысына рекордтық сома бөлінеді

18.12.2025, 12:38

Әлем чемпионы 50 млн доллар иеленеді

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының сыйақысына рекордтық сома бөлінеді
ФИФА

2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада футболдан әлем чемпионатына қатысатын құрамаларға қомақты сыйақы бөлетін болды.

ФИФА өңірлік қауымдастықтар арасында 727 млн доллар бөлуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Оның 655 млн доллары тікелей әлем чемпионатына қатысушы елдерге жүлде ретінде берілмек.

Турнирге жолдама алған әрбір құрама жарыс басталмай тұрып, дайындық шығындарын өтеу үшін 1,5 млн доллар алады. Топтық кезеңнен аса алмаған құрамалар (33-48-орындар) 9 млн доллар алады. Осылайша қатысушы командаларға 10,5 млн доллар алуға кепілдік беріліп отыр.

Ал плей-оффтың алғашқы кезеңінде (17-32-орындар) жеңілген командаларға 11 млн доллар төленеді. 1/8 финалда жеңілген құрамалар 15 млн долларға иелік етеді. 1/4 финалдан шыға алмаған құрамалар 19 млн доллар алса, жартылай финалда және үшінші орын үшін ойында жеңілген командаларға 27 млн доллар төленеді. Ал үшінші орын иегері бұдан 2 млн долларға көп алатыны айтылды.

Финалға шығып, есе жіберген құрама 33 млн доллар табыс табады. Ал 2026 жылғы әлем чемпионы рекордтық сома - 50 млн доллар иеленеді.

Бұған дейінгі әлем чемпионаттарындағы жүлде қоры кезең-кезеңімен өсіп отырған. Мәселен: 2006 жыл Италия футболшылары жеңісі үшін 20 млн доллар алса, 2010 жылы Испания 30 млн, 2014 жылы Германия 35 млн, 2018 жылы Франция 38 млн, ал 2022 жылы Аргентина 42 млн доллар алған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам