Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Қазақстан құрамасының жас жұлдызы Ғалымжан Кенжебек шаңырақ көтерді

18.12.2025, 11:18

Жас футболшының жанкүйерлері оған отбасылық өмірі мен спорттық мансабында сәттілік тілеп жатыр.

Қазақстан құрамасының жас жұлдызы Ғалымжан Кенжебек шаңырақ көтерді
"Елімай" клубының баспасөз қызметі

Қазақстан ұлттық құрамасы мен семейлік «Елимай» клубының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек ресми түрде отбасын құрды. 

22 жастағы футболшы сүйіктісімен заңды некеге отырып, өміріндегі маңызды кезеңді бастады. Спортшының таңдауы – Шығыс Қазақстан облысының тумасы Алтынай есімді ару. Жас жұбайлар неке қию рәсімінен өткен сәттерін әлеуметтік желіде бөлісіп, көпшіліктен құттықтаулар қабылдады.

Айта кетейік, Ғалымжан Кенжебек бұған дейін де жеке өміріндегі маңызды сәттерін әлеуметтік желі арқылы жариялап жүрген. Ол үйлену туралы ұсыныс жасаған сәтін де жанкүйерлеріне көрсеткен еді. Енді сол ұсыныс заңды некемен жалғасын тапты.

Қазіргі таңда жас футболшыға бірнеше шетелдік клуб қызығушылық танытып отыр деген ақпараттар бар. Кейбір БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Кенжебекпен жеке келісімшарт шарттары талқылануда.

2025 жылы Ғалымжан Кенжебек қазақстандық футболдағы ең жарқын жас ойыншылардың біріне айналды. Ол «Елимай» сапында 11 матч өткізіп, 6 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. Ал ұлттық құрамада 9 ойында 3 гол және 1 нәтижелі пас авторы атанды.

Жас футболшының жанкүйерлері оған отбасылық өмірі мен спорттық мансабында сәттілік тілеп жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам