Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

«Қайрат» танымал легионерімен қоштасуға дайын

18.12.2025, 23:41

Ол отанына оралуы мүмкін. 

«Қайрат» танымал легионерімен қоштасуға дайын
«Қайрат» ФК

Ресейлік қорғаушы Егор Сорокиннің алматылық «Қайрат» сапындағы тағдыры белгілі болды. Футболшы келесі маусымда Ресей премьер-лигасына қайта оралады.

Mash на спорте дерегінше, «Қайрат» Сорокинмен келісімшартты ұзартпаған. Қазіргі таңда РПЛ-нің екінші сегіздігіне кіретін бірнеше клуб қорғаушыға қызығушылық танытуда. Алматылық команда да ойыншымен қоштасуға дайын.

Сорокиннің орнына «Қайрат» Финляндияның КуПС клубында өнер көрсететін Самули Миеттиненді шақыруды жоспарлап отыр. Фин қорғаушысының келісімшарты жыл соңында аяқталады, ал бұл дегеніміз – қазақстандық клуб оны қатарға тегін қоса алады деген сөз.

Айта кетейік, жуырда «Қайрат» Миеттиненнің отандасы әрі бұрынғы командаласы Яакко Оксаненмен келісімшарт жасасқан болатын.

Сонымен қатар словениялық қорғаушы Свен Карич («Пари НН») те әлеуетті трансфер ретінде қарастырылуда. Алайда бұл жоспардың жүзеге асу ықтималдығы төмен, себебі футболшының Ресей клубымен ұзақ мерзімді келісімшарты бар, ал «Қайрат» оған тым жоғары жалақы беруге дайын емес.

Егор Сорокин – Санкт-Петербург пен Қазан футбол мектебінің түлегі. Ресейде ол «Нефтехимик», «Краснодар» клубтарының сапында да өнер көрсеткен.

Айта кетейік, «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде тағы екі маңызды матч өткізеді:

2026 жылғы 20 қаңтарда Астанада бельгиялық «Брюггемен» ойнайды;

2026 жылғы 28 қаңтарда Лондонда ағылшынның «Арсеналымен» кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам