Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Нидерланд соты Квинси Проместі қамаудан босатпады

Бүгін, 10:29

Квинси Промес кокаин контрабандасы үшін алты жылға сотталған

Нидерланд соты Квинси Проместі қамаудан босатпады
© premierliga.ru

Амстердам апелляциялық соты «Севильяның» бұрынғы шабуылшысы Квинси Проместі алдын ала қамаудан босату немесе бұлтартпау шарасын тоқтату туралы өтінішінен бас тартты.

De Telegraaf басылымы хабарлауынша, сот футболшыны қамауда ұстауға әлі де «жеткілікті әрі маңызды себептер бар» деп есептеп отыр. Тергеу мен сот процесінің мүддесін ескере отырып, Проместі бостандыққа шығару әзіоше қанағаттандырылмады.

Естеріңізде болса, Нидерланд соты Квинси Проместі кокаин контрабандасы үшін алты жылға, сондай-ақ ағасына пышақпен шабуыл жасағаны үшін бір жарым жылға бас бостандығынан айырған. Қазіргі таңда бұл үкімдерге қатысты іс апелляцияда қаралып жатыр.

Прокуратура өкілдері Проместің қашып кету қаупі бар екенін және егер оған апелляция шешімін бостандықта күтуге рұқсат берілсе, бұл қоғамда үлкен резонанс тудыратынын мәлімдеді. Сонымен қатар сот Проместің 2025 жылдың маусым айында Дубайдан экстрадицияланғанға дейін соттан бой тасалап жүргенін де ескерген.

Енді аталған іс бойынша негізгі сот отырысы 2026 жылы өтпек. Квинси Промес 2024 жылдың ақпан айында «Спартак» клубымен бірге қысқы оқу-жаттығу жиынына БАӘ-ге барған. Алайда Нидерландтан түскен экстрадиция сұранысына байланысты елден шыға алмады. Экстрадиция мәселесі шешілгенге дейін Промес сол елде қалып, жергілікті «Юнайтед» клубының сапында ел чемпионатының екінші дивизионында ойнаған еді.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам