Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Карим Бензема Пабло Пикассоның қымбат картинасын сатып алды

23.12.2025, 11:27

Аталған туынды 1964 жылы салынған

Карим Бензема Пабло Пикассоның қымбат картинасын сатып алды
Global Look Press

Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» клубының шабуылшысы Карим Бензема әлеуметтік желіде Пабло Пикассоның «Сақалды ер адамның портреті» атты картинасын сатып алғанын мәлімдеді.

Футболшы картина жанында түскен суретін жариялап, жазбасына: «Үйге қош келдің» деген қысқа пікір жазды.

Аталған туынды 1964 жылы салынған. RMC Sport басылымының мәліметінше, бұл картина бұған дейін Нью-Йорктегі арт-дилер Хелли Нахмадтың галереясында қойылған. Әзірге бұл картинаның нақты бағасы жарияланған жоқ.

Қазір 38 жастағы Карим Бензема Франция ұлттық құрамасы сапында 97 матч өткізіп, 2022 жылы әлемнің үздік футболшысы ретінде «Алтын доп» жүлдесін жеңіп алған. Ол мадридтік «Реал» тарихындағы үздік шабуылшылар қатарына енген танымал ойыншылардың бірі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам