Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Геннадий Головкин Криштиану Роналдумен жүздесті

Бүгін, 01:55

Бұған дейін екеуі DAZN жобасына түскен.

Геннадий Головкин Криштиану Роналдумен жүздесті
instagram.com/gggboxing

Қазақстандық аңыз боксшы Геннадий Головкин Сауд Арабиясына жасаған сапары барысында әлем футболының жұлдызы, «Әл-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналдумен кездесті.

Кездесу кезінде GGG португалиялық футболшыны Сауд Арабиясы чемпионатындағы кезекті ойында жасаған дублімен құттықтады. Ал Роналду өз кезегінде Головкинмен жүздескеніне қуанышты екенін айтып, жылы лебізін білдірді. Геннадий Головкин Эр-Риядқа ірі бокс кешін тамашалау үшін келгенін де атап өтті.

Естеріңізде болса, 2020 жылы боксшы мен футболшы DAZN-ның жобасына бірге түскен еді.

Айта кетейік, Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының 11-турында «Әл-Ахдуд» қақпасына екі гол соғып, командасының 3:0 есебімен жеңіске жетуіне үлес қосты. Бұл нәтижеден кейін «Әл-Наср» барлық турнирдегі жеңісті сериясын сегіз матчқа, ал ұлттық біріншіліктегі жеңістер сериясын он ойынға жеткізді.

Осылайша, Роналдудың мансабында соққан голдарының саны 956-ға жетсе, 2025 жылғы маусымда 40 голдың авторы атанды.

«Әл-Наср» клубын жыл соңына дейін тағы бір матч күтіп тұр. 30 желтоқсанда команда Сауд Арабиясы чемпионатының 12-туры аясында «Әл-Иттифаққа» қарсы алаңға шығады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам