Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Роналду үшінші рет қатарынан Таяу Шығыстың ең үздік футболшысы атанды

29.12.2025, 10:36

Марапаттау рәсімі Дубайда өтті

Роналду үшінші рет қатарынан Таяу Шығыстың ең үздік футболшысы атанды
© Clicks Images

Португалиялық футболшы Криштиану Роналду Globe Soccer Awards сыйлығында Таяу Шығыстың жылдың үздік футболшысы деп танылды.

Ол бұл беделді марапатқа үшінші жыл қатарынан ие болып отыр. Марапаттау рәсімі Дубайда өтіп, бұл кеште жүлделердің басым бөлігін ПСЖ клубының өкілдері иеленді.

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубында ойнайтын Роналду биыл 40 гол соқты. Ол бұл атақ үшін күресте Карим Бенземаны («Әл-Иттихад»), Салим әл-Давсариді («Әл-Хиляль») және Рияд Марезден («Әл-Ахли») басып озды.

Басқа лауреаттар:
Үздік ерлер клубы - ПСЖ
Үздік ұлттық құрама - Португалия
Үздік бапкер - Луис Энрике (ПСЖ)
Жылдың үздік футболшысы - Усман Дембеле (ПСЖ)
Үздік футболшы әйел - Айтана Бонмати («Барселона»)
Марадона атындағы жүлде және үздік шабуылшы - Ламин Ямаль («Барселона»)
Үздік жартылай қорғаушы - Витинья (ПСЖ)
Жылдың ең үздік қайта оралуы - Поль Погба («Монако»)
Үздік жас ойыншы - Дезире Дуэ (ПСЖ)

Арнайы марапаттар сербиялық теннисші Новак Джоковичке, сондай-ақ жазда жол-көлік апатынан қаза тапқан Португалия құрамасы мен «Ливерпуль» клубының футболшысы Диогу Жотаға берілді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам