Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Роберто Карлос жүрегіне ота жасатты

Бүгін, 11:25

Жарты сағатта аяқталатын операция үш сағатқа созылған

Роберто Карлос жүрегіне ота жасатты
РИА Новости

Бразилия құрамасының сапында футболдан әлем чемпионы атанған Роберто Карлос жүрек ауруына байланысты ауруханаға түсіп, ота жасатты. Бұл туралы AS басылымы жазды.

Мадридтік «Реалдың» 52 жастағы бұрынғы қорғаушысы туған елінде демалыста жүрген. Алдымен ол аяғына медициналық тексеруден өтіп, шағын тромб анықталған. Осыдан кейін жүргізілген МРТ тексерісі футболшының жүрек жұмысында кінәрат бар екенін көрсеткен.

Осыған байланысты Роберто Карлос шұғыл түрде ауруханаға жатқызылып, катетер орнату операциясы жасалған. AS мәліметінше, әдетте 40 минутқа созылатын бұл процедура асқынулар салдарынан шамамен үш сағатқа дейін ұзарған.

Дәрігерлердің айтуынша, қазір Роберто Карлостың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам