Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Әлем чемпионы жаңа жылдың алғашқы күнінде бас бапкерін қызметінен босатты

01.01.2026, 19:19

Клуб басшылығымен келіспеушіліктер де болған.

Әлем чемпионы жаңа жылдың алғашқы күнінде бас бапкерін қызметінен босатты
Getty Images

Лондонның «Челси» клубы бас бапкері Энцо Марескамен қоштасты. Итальяндық маман қызметінен босатылды.

Мұндай шешімге АПЛ-дегі сәтсіз серия себеп болған: соңғы жеті турда команда бар болғаны бір рет қана жеңіске жеткен. Бұған қоса, Маресканың клуб басшылығымен келіспеушілігі жағдайды ушықтырған көрінеді.

Желтоқсан айының ортасында Мареска жағдайдың күрделі екенін ашық мойындаған еді:

«Соңғы 48 сағат - клубқа келгелі бері ең ауыр кезең. Өйткені мені де, команданы да қолдайтын адам аз».

Соңғы матчта «Челси» АПЛ аясында «Борнмутпен» тең ойнады - 2:2. Осы кездесуден кейін Энцо Мареска баспасөз мәслихатына да келген жоқ.

Айта кетейік, Мареска «Челсимен» бірге Конференциялар лигасын және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған.

Журналист Фабрицио Романоның мәліметінше, Маресканың орнына франциялық «Страсбурды» жаттықтырып жүрген англиялық Лиам Росеньор тағайындалуы мүмкін. Қос клубтың иелері бір адам екені де бұл нұсқаны нақтылай түседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам