Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Килиан Мбаппе алаңға шыға алмайтын болды

01.01.2026, 12:42

Футболшы жарақатына байланысты үш аптаға демалыс алды
 

Килиан Мбаппе алаңға шыға алмайтын болды
Gettysport

Мадридтік «Реал» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппеге сол жақ тізе байламдарының созылуы диагнозы қойылды. Бұл туралы клубтың ресми сайтында жазылды.

Француз футболшысының нақты қашан қатарға қосылатыны әзірге нақты айтылмады. Алайда L’Equipe басылымының мәліметінше, Мбаппе шамамен үш апта алаңға шыға алмайтын көрінеді.

Осылайша, шабуылшы 7-11 қаңтар аралығында Сауд Арабиясында өтетін Испания Суперкубогының матчтарын тек көрермен ретінде тамашаламақ.

27 жастағы Мбаппе биылғы маусымда «Реал» сапында барлық турнирде 24 ойын өткізіп, 29 гол соқты. Сондай-ақ, 5 нәтижелі пас берген.

Ла лига кестесінде 18 турдан кейін мадридтік «Реал» 42 ұпаймен екінші орында тұр. Көш басында «Барселона» (46 ұпай) оқ бойы озық тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам