«Селтик» жаңадан тағайындалған бас бапкерін бір ай өтпей жұмыстан босатты

Telegram WhatsApp

«Селтик» Еуропа лигасының жалпы кезеңінде 7 ұпаймен 24-орында тұр

championat.com
championat.com

Шотландиялық «Селтик» футбол клубы бас бапкер Уилфрид Нансимен келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатты. Бұл туралы клубтың ресми сайтында жазылды.

48 жастағы француз маманы «Селтикті» баптауды 2025 жылдың желтоқсан айында қолға алған еді. Оның жетекшілігімен команда 8 матч өткізіп, 6 рет жеңіліп, 2 ойында жеңіске жеткен.

Қазіргі таңда «Селтик» Еуропа лигасының жалпы кезеңінде 7 ұпаймен 24-орында тұр. Ал Шотландия чемпионатында 38 ұпаймен екінші орынға жайғасқан клуб көш бастап тұрған «Хартстан» 6 ұпайға қалып келеді.

«Клуб Уилфридке атқарған еңбегі үшін алғыс білдіреді және оған әрі қарайғы мансабында сәттілік тілейді. Сондай-ақ оның бапкерлік штабындағы көмекшілері де команданы тастайды. Бұдан бөлек, футбол операциялары жөніндегі директор Пол Тисдейл де қызметінен кетті. Жанкүйерлерге қосымша ақпарат жақын уақытта беріледі»

деп жазылған клуб хабарламасында

Айта кетейік, Уилфрид Нанси «Селтикке» дейін Солтүстік Американың MLS лигасында «Коламбус Крю» мен «Монреаль» клубтарын жаттықтырған. 2024 жылы ол лиганың үздік бапкері атанған болатын.

Материалда:

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 57 447 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 276 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 515 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 579 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 279 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 170 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 283 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 824 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 498 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 328 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 304 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 481
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›