Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Ғалымжан Кенжебек ресми түрде «Ахмат» ойыншысы атанды

10.01.2026, 19:19

Ол РПЛ-де өнер көрсетеді. 

Ғалымжан Кенжебек ресми түрде «Ахмат» ойыншысы атанды
«Ахмат» ФК

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек ресми түрде Ресейдің «Ахмат» футбол клубының ойыншысы атанды.

Грозный клубы 22 жастағы футболшымен 4,5 жылдық келісімшартқа отырған.

Клуб дерегінше, Кенжебек медициналық тексерістен сәтті өтіп, командамен толыққанды келісімге қол қойған.

«Ғалымжан, «Ахматқа» қош келдің! Саған голдар мен жеңіс тілейміз!» - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Бұған дейін Ғалымжан Кенжебек «Елімай» клубының намысын қорғады. Семейлік ұжымға ол 2025 жылдың жазында қосылып, Қазақстан Премьер-лигасында 11 матчқа қатысты. Осы аралықта жартылай қорғаушы алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берген.

Айта кетейік, Кенжебек - «Ахмат» сапындағы Қазақстан құрамасының екінші ойыншысы. Себебі грозныйлық клубта Максим Самородов өнер көрсетіп жүр.

Қазіргі таңда «Ахматты» Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов жаттықтырады. Ресей Премьер-лигасының 18 турынан кейін команда 16 клубтың ішінде 8-орында тұр. Чемпионат наурыз айының басында қайта жалғасады.

Ғалымжан Кенжебек Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 10 матч өткізіп, үш гол соғып, бір нәтижелі паспен көзге түскен.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам