Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Юрген Клоп «Барселонаға» бас бапкер болуы мүмкін

07.02.2024, 08:36

Клуб президенті неміс маманымен келіссөз жүргізетінін айтты

Юрген Клоп «Барселонаға» бас бапкер болуы мүмкін
GQ

«Барселона» футбол клубының президенті Жоан Лапорта мен клубтың спорттық директоры Деку бас бапкер таңдауда ортақ мәмілеге келе алмай жатыр деп жазады испандық AS басылымы.

Команданың сәтсіз ойындарынан шаршаса керек, Лапорта тәжірибелі бапкер алуды көздеп отыр. Ал, Деку болса ақша үнемдеп, аса танымал емес жаттықтырушы шақырту керек деген пікірде.

Қазір басты кандидат ретінде Ганс-Дитер Флик қарастырылып жатыр. Ол жұмыссыз болғандықтан оның келісімшартын сатып алуға қаржы жұмсалмайды.

Ал, Лапорта болса Томас Тухель мен Юлиан Нагельсманды да қарастыруды ұсынған. Сонымен қатар, клуб президенті Хосеп Гвардиола мен Юрген Клопп екеуінің бірін «Барселонаға» бас бапкер етуді армандайтынын да жамырмады.

Айта кету керек, каталондық клубтың қазіргі бапкері Хави маусым аяқтала отставкаға кететінін мәлімдеген болатын. Дәл осындай қадамға «Ливерпуль» жаттықтырушысы Юрген Клопп та барды. Дегенмен, неміс маманы маусымнан кейін бір жыл демалыс алатынын айтқан. Соған қарамастан, Лапорта онымен келіссөз жүргізбек.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам