Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Беларусь маманы «Ertis» футбол клубына бас бапкерлікке келді

14.01.2026, 10:20

Ол соңғы рет Ресейдің «Велес» (Мәскеу) командасын жаттықтырған

Беларусь маманы «Ertis» футбол клубына бас бапкерлікке келді
«Ertis» футбол клубы

Павлодарлық «Ertis» клубының бас бапкері қызметіне Беларусь маманы Кирилл Альшевский тағайындалды.

Жаңа бапкер әр жылдары «Рух», «Лиепая», БАТЭ, РУОР, «Динамо Минск» клубтарында еңбек етіп, Беларусь жастар құрамасының құрылымында да жұмыс істеген.

Альшевскийдің жетекшілігімен борисовтік БАТЭ ел чемпионатында күміс жүлде алып, Беларусь кубогын иеленді. Соңғы қызмет орны – Ресейдің «Велес» (Мәскеу) командасы.

Жыл басынан бері павлодарлық командада ауқымды кадрлық өзгерістер болды. Онға жуық ойыншы клубпен қош айтысты, сондай-ақ бас бапкер мен спорттық директор да қызметінен кеткен.

Команда сапынан Владимир Воменко, Нұрғайни Бөрібаев, Әділхан Добай, Мохаммед Еңсебаев, Нұрали Елемес, Владислав Васильев және Еркебұлан Тұңғышбаев кеткен. Ал Арман Кеңесов, Мирам Киікбаев пен Темірлан Төребек жалға алу мерзімі аяқталып, өз клубтарына оралды.

Еске салайық, бұған дейін «Ертісті» жаттықтырған қазақстандық маман Ринат Алюетов жуырда «Оқжетпес» клубының тізгінін ұстады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам