Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

«Хартс» бапкері Ислам Чесноковтың алаңға қашан шығуы мүмкін екенін айтты

13.01.2026, 22:21

Чесноков 14 қаңтарда алаңға шығуы мүмкін.

«Хартс» бапкері Ислам Чесноковтың алаңға қашан шығуы мүмкін екенін айтты
«Хартс» ФК

«Хартс» клубының бас бапкері Дерек Маккинес Қазақстан құрамасының футболшысы Ислам Чесноковтың жағдайына тоқталды.

Шотландиялық маманның айтуынша, маусым ортасында жаңа клубқа қосылған ойыншыларға бірден негізгі құрамға ену оңай соқпайды. Чесноков «Дандиге» қарсы матчта тізімге енгенімен, алаңға шыққан жоқ.

«Маусым барысында сапқа қосылған футболшылар үшін бейімделу қай кезде де қиын. Маусым алдындағы дайындықта командамен бірге жаттығу жасасаң, бабыңа ену оңай. Ислам матчтарға қатысқан жоқ, сондықтан қазір ол «алдын ала дайындық» кезеңіндегі жағдайда. Дегенмен жаттығуларда барын салып, физикалық тұрғыда әріптестерін қуып жетуге тырысуда. Біз оған қолдан келгенше көмектесіп жатырмыз. Себебі бәріміз Исламды алаңда көргіміз келеді», - деді Маккинес.

Айта кетейік, «Хартс» келесі ойынын 14 қаңтарда Шотландия чемпионаты аясында «Сент-Мирренге» қарсы өткізеді. Қазіргі таңда Эдинбург клубы турнир кестесінде көш бастап тұр. Ұжым маусымның аяқталуына 12 тур қалғанда «Селтиктен» алты ұпайға алда келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам