Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

«Астана» тағы бірқатар көшбасшы ойыншысымен қоштасты

14.01.2026, 16:08

Клуб қазір қаржылық қиындықтарды бастан кешіріп жатыр. 

«Астана» тағы бірқатар көшбасшы ойыншысымен қоштасты
"Астана" ФК

Елорданың «Астана» футбол клубы Instagram желісіндегі ресми парақшасында бірқатар ойыншымен қоштасқанын мәлімдеді.

Клуб таратқан ақпаратқа сәйкес, келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты қорғаушылар Александр Марочкин, Марат Быстров және Дмитрий Шомко команда қатарынан кетті.

«Келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты «Астана» футбол клубынан үш ойыншы кетті – Александр Марочкин, Марат Быстров және Дмитрий Шомко.

Команда сапында атқарған еңбегіңіз бен адал қызметіңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Алдағы мансаптарыңызға сәттілік тілейміз», – делінген клубтың ресми мәлімдемесінде.

Айта кетейік, 33 жастағы Марат Быстров жақында ғана елордалық «Жеңіс» клубының ойыншысы ретінде таныстырылған болатын. Ал Александр Марочкин Қостанайдың «Тобыл» командасының оқу-жаттығу жиындарына қосылды.

Еске сала кетсек, «Астана» өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасында күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал чемпиондық атақты алматылық «Қайрат» иеленді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам