Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Златан Ибрагимовичтің ұлы «Миланнан» «Аяксқа» ауысты

14.01.2026, 22:14

19 жастағы шабуылшы маусым соңына дейін жалға алынды

Златан Ибрагимовичтің ұлы «Миланнан» «Аяксқа» ауысты
ФК «Аякс»

Швециялық футболшы Златан Ибрагимовичтің ұлы Максимилиан Ибрагимович амстердамдық «Аякс» клубының ойыншысы атанды. Бұл туралы нидерландтық клуб өкілдері мәлімдеді.

19 жастағы шабуылшы «Милан» клубынан маусым соңына дейін жалға алынып отыр. Келісімшартта ойыншыны толықтай сатып алу мүмкіндігі де қарастырылған.

Максимилиан Ибрагимович 2022 жылы «Хаммарбюден» «Миланның» жастар академиясына ауысқан еді. Соңғы алты айда ол «Миланның» екінші командасымен Италияның D Сериясы лигасында өнер көрсеткен. Осы кезеңде 17 матчқа қатысып, 5 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, Златан Ибрагимовичтің өзі де кәсіби мансабының бастапқы кезеңін «Аякс» клубында өткізген. Ол амстердамдық команда сапында 2001-2004 жылдары ойнаған болатын.

Футболдан Швеция құрамасының тарихындағы ең үздік сұрмерген саналатын Златан Ибрагимович «Мальме», «Ювентус», «Интер», «Барселона», ПСЖ, «Манчестер Юнайтед», «Лос-Анджелес Гэлакси» және «Милан» клубтарында өнер көрсетіп, 2023 жылы кәсіби мансабына нүкте қойды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам