Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Миралем Пьянич «Ақтөбеге» ауысады»: футболшының агенті мәлімдеме жасады

19.01.2026, 21:20

Инсайдерлер оның жалақысы туралы да айтқан.

«Миралем Пьянич «Ақтөбеге» ауысады»: футболшының агенті мәлімдеме жасады
David Ramos/Getty Images

Босниялық жартылай қорғаушы Миралем Пьяничтің агенті оның мансабын қайта жандандырып, «Ақтөбе» клубына ауысуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. 

Пьяничтің агенті Фали Рамадани мұның шындыққа жанаспайтынын айтып отыр. Ол «Евро-Футбол.Ру» басылымына берген эксклюзивті сұхбатында бұл қауесетті жоққа шығарды.

«Ақтөбе»? Миралем футболшы ретінде мансабын аяқтаған», – деді агент.

Бұған дейін ресейлік танымал инсайдер Иван Карпов «Барселона» мен «Ювентустың» бұрынғы футболшысы португалиялық Луиш Нанимен бірге «Ақтөбе» сапында өнер көрсетуі ықтимал екенін жазған. Дереккөз мәліметінше, 35 жастағы Пьяничтің жалақысы Нанимен шамалас болады.

Айта кетейік, Пьянич 2025 жылдың 30 желтоқсанында мансабын аяқтағанын жариялады. Соңғы рет ол Мәскеудің ЦСКА клубында ойнаған. Өткен маусымда Ресей Премьер-лигасында 16 матчқа қатысып, екі нәтижелі пас берген.

Жалпы, Миралем Пьянич - еуропалық футболда үлкен із қалдырған ойыншылардың бірі. Өз мансабында «Мец», «Лион», «Рома», «Ювентус», «Барселона», «Бешикташ» және  «Шарджа» клубтарының намысын қорғаған. Туриндік «Ювентус» сапында төрт маусым бойы өнер көрсетсе, 2020-2022 жылдары «Барселона» жейдесін киді.

Осылайша, Пьяничтің «Ақтөбеге» ауысатыны туралы ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам