Нұралы Әліп 2022 жылдан бері «Зенит» сапында өнер көрсетіп келеді
Санкт-петербургтік «Зенит» клубының және Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп қай чемпионатта өнер көрсеткісі келетінін айтып, неге Түркия Суперлигасына ауысқысы келмейтінін түсіндірді.
Футболшының айтуынша, болашақта ағылшын тілінде сөйлейтін елдің чемпионатына ауысқысы келеді.
Жақсы чемпионатқа, ағылшын тілінде сөйлейтін ортаға барған дұрыс деп ойлаймын. МаТүркияға ауысу маған қиын. Бахтияр Түркияда «Бешикташ» сияқты топ-клубта да өнер көрсетті. Бірақ мен Түркияға емес, Еуропаның мықты біріншіліктерінің біріне ауысқым келеді. Дегенмен бәрі менің қолымда емес. Аршавин де ұлттық құрамадағы ойын көп нәрсені шешеді деп айтады. Құрамада қалай ойнасам, соған қарай ұсыныстар да болады. Егер чемпионат жақсы болса, міндетті түрде барамын, — деді Нұралы Әліп AS News YouTube арнасына берген сұхбатында.
Еске салайық, Нұралы Әліп 2022 жылдан бері «Зенит» сапында өнер көрсетіп келеді. Ол петербургтік клубқа алматылық «Қайраттан» ауысқан.