Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Ақтөбеге» келмейді: Миралем Пьянич ресми түрде мансабын аяқтады

27.01.2026, 19:53

Ол отандық клубпен келіссөздер жүргізді деген сыбыс бар. 

«Ақтөбеге» келмейді: Миралем Пьянич ресми түрде мансабын аяқтады
© Anke Waelischmiller / SVEN SIMON / Global Look Press

Босниялық атақты жартылай қорғаушы Миралем Пьянич кәсіби футболдағы мансабын ресми түрде аяқтағанын жариялады.

Осылайша оның Қазақстанның «Ақтөбе» клубына ауысуы туралы тараған қауесеттерге біржола нүкте қойылды.

Естеріңізде болса, осыдан біраз бұрын ресейлік инсайдер Иван Карпов «Ювентус» пен «Барселонаның» бұрынғы футболшысы «Ақтөбе» сапында өнер көрсетуі мүмкін деген ақпарат таратқан. Алайда кейіннен ойыншының агенті бұл мәліметті ресми түрде жоққа шығарған болатын.

Көп ұзамай Қазақстан футзал федерациясының президенті Нұрсұлтан Құрман да Пьяничтің Қазақстанға келмейтінін, себебі отандық клубқа ол тым жоғары талап қойғанын алға тартқан еді.

«Пьянич келмейді. Оның талаптары тым жоғары болды», – деді Нұрсұлтан Құрман өзінің YouTube-арнасында.

Айта кетейік, 35 жастағы Миралем Пьяничтің соңғы клубы – Мәскеудің ЦСКА командасы. Тәжірибелі футболшы мансабында 666 матч өткізіп, 77 гол соғып, 132 нәтижелі пас берген. Сондай-ақ ол Италия чемпионатын төрт рет, ал Италия кубогын екі мәрте жеңіп алған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам