Клуб тек бір ұпай еншіледі.
Алматының «Қайрат» клубы УЕФА Чемпиондар лигасының 2025/26 жылғы маусымындағы өнерін аяқтады. Команда өз тарихында алғаш рет турнирдің негізгі кезеңінде ойнады.
Қазақстандық клуб соңғы, сегізінші кездесуін Лондонда өткізіп, «Арсеналға» 2:3 есебімен жол берді.
Негізгі кезең қорытындысы бойынша «Қайрат» сегіз матчта бір ғана ұпай жинады. Сол бір ұпайды алматылықтар Кипрдің «Пафос» клубымен өткен ойында иеленді – 0:0. Қалған матчтардың барлығында қарсыластарына есе жіберді:
«Спортинг» (Португалия) – 1:4
«Реал» (Испания) – 0:5
«Интер» (Италия) – 1:2
«Копенгаген» (Дания) – 2:3
«Олимпиакос» (Грекия) – 0:1
«Брюгге» (Бельгия) – 1:4
«Арсенал» (Англия) – 2:3
«Қайрат» плей-офф кезеңіне шыға алмаса да, бұл маусым клуб үшін тарихи әрі қаржылық тұрғыдан маңызды болғаны сөзсіз.
УЕФА төлемдері қалай есептелді?
Football365 дерегінше, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне қатысқан әр клубқа УЕФА тарапынан базалық сыйақы ретінде 18,62 миллион еуро төленеді. Бұдан бөлек, нәтижеге байланысты бонустар қарастырылған:
Сондай-ақ турнир кестесіндегі орынға қарай да қосымша төлем беріледі: соңғы орын алған клуб – 275 мың еуро, одан бір саты жоғары тұрған команда – екі есе көп, ал кезең көшбасшысы 9,9 млн еуро алады.
«Қайраттың» табысы қанша болды?
Осылайша, «Қайрат» негізгі кезеңге қатысқаны үшін 18,62 миллион еуро (шамамен 11,23 млрд теңге) иеленді. Бұған қоса, бір тең ойын үшін 700 мың еуро (шамамен 422 млн теңге) және турнир кестесіндегі соңғы орын үшін 275 мың еуро (шамамен 166 млн теңге) алды.
Жалпы алғанда, алматылық клубтың Чемпиондар лигасындағы табысы шамамен 19,59 миллион еуроны немесе 11,8 млрд теңгеге жуық қаржыны құрады.
Маусым аяқталғаннан кейін бұл сомаға телехабар тарату және маркетингтік құқықтарды сатудан түсетін қосымша төлемдер де қосылады.