Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Қайраттан» кеткен Громыко Түркия клубтарымен келіссөздер жүргізіп жатыр

Бүгін, 12:56

Ол "Арсеналмен" ойыннан соң клубтан кетті.

«Қайраттан» кеткен Громыко Түркия клубтарымен келіссөздер жүргізіп жатыр
«Қайрат» ФК

Футбол агенті Малик Арутюнов «Қайрат» клубынан кеткен жартылай қорғаушы Валерий Громыконың болашағына қатысты пікір білдірді.

Громыко Чемпиондар лигасы аясында «Арсеналмен» өткен ойыннан кейін «Қайрат» сапынан ресми түрде кеткен болатын. Осыдан соң ойыншыға шетелдік клубтардың қызығушылығы арта түскен.

Агенттің айтуынша, негізгі үміткерлердің бірі - Түркияның Бірінші лигасында өнер көрсететін «Игдир» клубы. Команда Анкарада орналасқан және иесінің қаржылық мүмкіндіктері жоғары.

«Громыкоға «Игдир» қызығушылық танытып отыр. Сонымен қатар «Антальяспормен» де байланыс бар, алайда трансферлік терезе жабылуына сегіз күн қалғанда клубқа ойыншыларды тіркеуге тыйым салынды. Бұдан бөлек, «Фатих Карагюмрюкпен» де келіссөздер жүргізіп жатырмыз», - деді Арутюнов bel.football порталына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Валерий Громыко 2024 жылы «Қайратқа» қызылордалық «Қайсар» сапынан ауысып келген еді. «Сары-қаралар» сапында ол 57 матч өткізіп, бірнеше гол соғып, 15 нәтижелі пас авторы атанды. Сондай-ақ футболшы Қазақстан чемпионы атағын екі рет (2024, 2025) жеңіп алып, 2025 жылғы Суперкубокты иеленді.

Бұған қоса, 2025/26 маусымында Громыко «Қайратпен» бірге клуб тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды. Ол Беларусьте де 2025 жылдың үздік футболшысы атағын иеленді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам