Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Ақша үшін келдік»: «Ақтөбе» легионерінің агенті шындықты жайып салды

11.02.2026, 23:00

Ол клубтың қаржылық мүмкіндіктері жақсы екенін айтты.

«Ақша үшін келдік»: «Ақтөбе» легионерінің агенті шындықты жайып салды
«Ақтөбе» ФК

Футбол агенті Ведран Юрак швециялық вингер Айдин Зельковичтің «Ақтөбе» клубына ауысуына қатысты келіссөздердің қалай жүргенін айтып, ойыншының қазақстандық ұжымның ұсынысын не себепті қабылдағанын түсіндірді.

Агенттің сөзінше, трансферге байланысты келіссөздер бір айдан астам уақытқа созылған. Бұл үдерісте шешуші рөл атқарған екі негізгі фактор бар.

«Біріншіден, клубтың қаржылық мүмкіндігі жақсы. Екіншіден, «Ақтөбе» Айдин Зельковичті өз қатарына қосқысы келетінін анық көрсетті. Біз бұл ойыншы бойынша клубпен бір айдан астам уақыт келіссөз жүргіздік. Нәтижесінде екі жылдық келісімшартқа қол қойылды», – деді Ведран Юрак Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Сол қапталда ойнайтын 28 жастағы вингер Қазақстанға келгенге дейін кәсіби мансабын Швецияда ғана өткізген. Ол әр жылдары «Гуннильсе», ГАИС, «Юнгшиле», «Оддевольд», «Линдоме», «Эргрюте» және «Вернаму» клубтарының намысын қорғаған.

2025 жылғы Аллсвенскан маусымында Айдин Зелькович 27 матчқа қатысып, 7 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

Айта кетейік, футболшы «Ақтөбеге» қаңтар айында еркін агент ретінде қосылды. Transfermarkt порталының мәліметінше, Зельковичтің қазіргі нарықтық құны 600 мың еуроға бағаланады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам