Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Маңғыстауда шенеуніктер футболға 2,1 млрд теңге қаржы бөледі

12.02.2026, 12:48

Дене шынықтыру және спорт басқармасы конкурс жарияланды

Маңғыстауда шенеуніктер футболға 2,1 млрд теңге қаржы бөледі
ҚФФ

Маңғыстау облысында футбол клубтарын қаржыландыруға бір жылға 2,1 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл ақпарат мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лот сипаттамасында көрсетілген.

Тапсырыс беруші ретінде Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы көрсетілген. Құжатқа сәйкес, қаражат Премьер-лига, Бірінші лига, Әйелдер Премьер-лигасы, сондай-ақ дайындық топтары мен жасөспірімдер командаларының 2026 жылғы Қазақстан чемпионатына қатысуы мен дайындығына жұмсалмақ. Жоспарланған сома – 2 100 000 000 теңге.

Конкурсқа қатысу үшін алдын ала өтінімдер 13–20 ақпан аралығында қабылданады.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында кәсіби спорт клубтарын толықтай мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырудың тиімсіз екенін атап өткен болатын. Мемлекет басшысы бұл салада бұқаралық спортты, дене шынықтыруды және балалар спортын дамытуға басымдық беру қажеттігін айтқан еді.

Ал 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында Президент футболды коммерцияландыру процесін жалғастыру қажет екенін тағы да ерекше атап өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам