12 ақпанда Брюссель қаласында (Бельгия) 2026/27 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының жеребе тарту рәсімі өтіп, Қазақстан ұлттық құрамасының топтағы қарсыластары белгілі болды.
В лигасынан төмен түсіп қалған Талғат Байсуфинов баптайтын Қазақстан құрамасы бұл маусымда С лигасы аясында өнер көрсетеді. Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы С3 тобына түсті.
Словакия
Фарер аралдары
Молдова
Айта кетейік, Қазақстан жеребе кезінде бірінші себетке орналастырылды. Бұл – құраманың С лигасы ішіндегі ең мықты командалардың бірі ретінде бағаланғанын білдіреді.
УЕФА мәліметінше, Ұлттар лигасының топтық кезеңі 2026 жылдың қыркүйегінде басталып, 17 қарашада аяқталады. Ойындар үш халықаралық терезе аясында өтеді.
1-тур: 24-26 қыркүйек 2026
2-тур: 27-29 қыркүйек 2026
3-тур: 30 қыркүйек – 3 қазан 2026
4-тур: 4-6 қазан 2026
5-тур: 12-14 қараша 2026
6-тур: 15-17 қараша 2026
Қазақстан құрамасы топтық кезеңде 6 матч өткізеді:
3 ойын – өз алаңында, 3 ойын – қонақта.
Толық ойын кестесі 13 ақпан күні Астана уақытымен 12:00-ге дейін жарияланады.
Турнир регламентіне сәйкес, топ жеңімпазы тікелей В дивизионына көтеріледі. Ал соңғы орын алған командалар төмен түсіп кетпеу үшін плей-офф матчтарына қатысуы мүмкін.
Бұл топта ең тәжірибелі қарсылас ретінде Словакия құрамасы ерекшеленеді. Ал Молдова мен Фарер аралдарына қарсы кездесулер Қазақстан үшін турнирлік жағдайды анықтайтын маңызды ойындар болмақ.
Сонымен қатар, Ұлттар лигасының нәтижелері алдағы уақытта 2028 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алу мүмкіндігіне де әсер етуі ықтимал.