Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Жапония футболында енді тең ойын болмайды

Бүгін, 00:08

Командалар жеңімпазды пенальти арқылы анықтайды.

Жапония футболында енді тең ойын болмайды
Masahiro Ura / Getty Images for DAZN

Жапонияның кәсіби футбол лигасы (J1 League) ұлттық футболдың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған турнирде тең нәтижелер болмайтынын ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы лиганың ресми хабарламасына сілтеме жасай отырып Italpress агенттігі жазды.

Жаңа ережеге сәйкес, матчтың негізгі уақыты тең аяқталған жағдайда қосымша уақыт берілмейді. Командалар бірден пенальти сериясына көшеді. Пенальтиден жеңіске жеткен командаға екі ұпай, ал жеңілген тарапқа бір ұпай жазылады. Ал негізгі уақытта жеңіске жеткендер бұрынғыдай үш ұпай алса, жеңілгендерге ұпай берілмейді.

Бұл жүйе 7 ақпанда басталған арнайы «100 жылдық көзқарас лигасы» (100 Year Vision League) аясында енгізілді. Турнир J-лиганың дәстүрлі «көктем-күз» (ақпан-желтоқсан) форматынан еуропалық «күз-көктем» (тамыз-мамыр) күнтізбесіне көшу кезіндегі үзілісті толтыру мақсатында, сондай-ақ Жапонияның жоғары дивизионының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған.

J1 лигасының 20 клубы географиялық қағида бойынша Шығыс және Батыс аймақтарға бөлінген. Ақпан мен мамыр аралығында командалар «аймақтық кезеңде» 18 матчтан өткізеді. Ал мамырдың соңы мен маусымның соңына дейін плей-офф кезеңі өтеді.

«100 жылдық көзқарас лигасының» жеңімпазы Азиядағы ең беделді клубтық турнир - АФК Чемпиондар лигасына жолдама алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам