Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Қайрат» Ресейде «Зенитпен» жолдастық кездесу өткізеді

03.03.2026, 17:22

Матч 28 наурызға жоспарланған.

«Қайрат» Ресейде «Зенитпен» жолдастық кездесу өткізеді
«Қайрат» ФК

Алматының «Қайраты» Ресейдің «Зенит» клубымен жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы ресейлік клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Матч 28 наурыз күні Санкт-Петербург қаласындағы «Газпром-Аренада» өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 21:00-де басталады.

Өткен маусымда «Қайрат» қатарынан екінші рет Қазақстан чемпионы атанды. Ал биылғы ақпан айының соңында ел Суперкубогы үшін «Тобылмен» кездескен еді. Негізгі уақыт тең аяқталғанымен, пенальти сериясында қостанайлық клуб басым түсті.

Айта кетейік, 2025/26 маусымда «Қайрат» клуб тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетті.

Ал «Зенит» Ресей чемпионатында 19 турдан кейін 42 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орында тұр. Көш басында 43 ұпайы бар «Краснодар» келеді.

Алдағы жолдастық матч екі команда үшін де маусым ішіндегі маңызды сынақ болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам