Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Григорий Бабаян: Соңғы 10 жыл қазақ футболын Еуропада сүйредік, неге бізге бұлай қарайды – түсінбеймін

08.03.2026, 23:53

Сонымен қатар бапкер клубтың қаржыландыру мәселесі әлі толық шешілмегенін айтты

Григорий Бабаян: Соңғы 10 жыл қазақ футболын Еуропада сүйредік, неге бізге бұлай қарайды – түсінбеймін
"Астана" клубының баспасөз қызметі

Елорданың «Астана» клубының бас бапкері Григорий Бабаян  «Жетісу» командасымен өткен матчтан кейін клубтың қаржылық жағдайына қатысты пікір білдірді.

Маманның айтуынша, соңғы уақытта командадан бірнеше негізгі футболшы кеткен. Оның ішінде команда жүйесінде маңызды рөл атқарған бес-алты ойыншы бар.

«Қазір Ресей чемпионатын қарап отырсаңыздар, Грипши «Краснодарға» гол соқты, Чинеду бүгін екі гол салды. Олар жақсы футболшылар, бірақ қазір бізбен бірге емес. Жалпы жеті-сегіз ойыншыдан айырылдық, олардың көбі негізгі құрамның ойыншылары еді. Бұл футболшыларды жағдайымыз жетісіп тұрмағандықтан жібердік», -деді Бабаян.

Сонымен қатар бапкер клубтың қаржыландыру мәселесі әлі толық шешілмегенін айтты.

«Қаржыландыру, құрылтайшылар мен демеушілер туралы сұрақтар – менің құзыретімдегі мәселе емес. Білгенім – біз әлі де күтіп отырмыз. Кеше ғана үш құраммен жаттығу жасаттым, өйткені жағдай қалай боларын білмедім», – деді ол.

Бабаян «Астананың» соңғы он жылда қазақстандық футболды Еуропада танытқан клубтардың бірі болғанын атап өтті.

«Мүмкін қатты айтатын шығармын, бірақ соңғы он жылда біз қазақ футболын Еуропада сүйредік. Көп нәрсе жасадық, бізді Еуропада біледі. Сондықтан бізге бұлай қарағаны түсініксіз», – деді бапкер.

Айта кетейік, «Астана» Қазақстан Премьер-лигасының жаңа маусымын сәтті бастап, өз алаңында «Жетісу» клубын 4:1 есебімен жеңді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам