Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Нұралы Әліп қымбат көлігін Ақтаудан Санкт-Петербургке алдыртты

Бүгін, 12:10

«Mercedes Gelandewagen» көлігі Санкт-Петербургке үш күнде жеткен

Нұралы Әліп қымбат көлігін Ақтаудан Санкт-Петербургке алдыртты
ФК “Зенит”

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының және «Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліптің Ақтаудан Санкт-Петербургке жол талғамайтын қымбат көлігін арнайы алдыртқаны белгілі болды.

Бұл туралы ақтаулық логистика қызметін көрсетуші Әнуар есімді азамат желіде бейнежазба жариялады. Оның айтуынша, Ақтаудан эвакуатор арқылы жеткізілген «Mercedes Gelandewagen» көлігі Санкт-Петербургке үш күнде жеткен.

Футболшы көлігін қабылдап алу кезінде бұған дейін де көлігін елден Ресейге бірнеше рет жеткізгенін айтты.

«Ақтаудан Санкт-Петербургке үш күнде жеткізді. Бұған дейін де 5–6 мәрте көлігімді осылай алдырттым», — деді футболшы.

Белгілі футболшы бұған дейін де қымбат көліктерімен көзге түскен еді. Ол бірнеше жыл бұрын «Mercedes» компаниясының Е класына жататын седан үлгісіндегі қымбат көлігін сатып жатқан сәтін желіде жариялаған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам