ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Максим Самородов қатарынан екінші матчта гол салды

Бұған дейін ол ЦСКА қақпасын дәл көздеген.

“Ахмат” ФК
“Ахмат” ФК

Қазақстан құрамасы мен Грозныйдың «Ахмат» клубының шабуылшысы Максим Самородов Ресей Премьер-лигасының 20-туры аясында өткен матчта гол соқты.

Грозныйлық команда өз алаңында Мәскеудің «Локомотивін» қабылдады. Кездесудің 26-минутында Самородов қарсылас қақпасын дәл көздеп, есеп айырмасын ұлғайтты - 2:0.

Бұған дейін ойынның 24-минутында Георгий Мелкадзе мергендік танытып, есеп ашқан еді.

Бұл - Максим Самородовтың «Ахмат» сапында өткізген 23 матчтағы төртінші голы.

Естеріңізде болса, Самородов 19-турда ЦСКА қақпасына гол салған еді.

Ал тағы бір қазақстандық футболшы Ғалымжан Кенжебек бұл кездесуді қосалқы құрамда бастады. Қазақстан құрамасының вингері әзірге «Ахмат» клубы сапында ресми матчта дебют жасаған жоқ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам