Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

«Берерімді бердім»: Магомед Адиев жуырда Ресейге кететінін мәлімдеді

13.02.2024, 08:39

Ол ұлттық құраманы 2022 жылдан бері жаттықтырып келеді

«Берерімді бердім»: Магомед Адиев жуырда Ресейге кететінін мәлімдеді
Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Ресейге алдағы циклді аяқтап Ресейге оралатынын мәлімдеді. Бұл туралы sport24.ru сайты жазды.

Айта кету керек, 46 жастағы маман Қазақстан құрамасының тізгінін 2022 жылы ұстады. Оған дейін ол ресейлік «Ахмат», «Анжи» клубтарын жаттықтырған.

«Маған Ресейден ұсыныс жиі түседі. Мен бірақ, Қазақстан құрамасымен бастаған циклді аяқтауым керек. Содан кейін ғана шешім қабылдаймын. Бұған дейін айтқанмын, іріктеу ойындарын ойнағым келеді, соның нәтижесіне байланысты бір тоқтамға келермін.

Иә, жақын уақытта Ресейге оралуым мүмкін. Бірақ, мен мұны армандап отырмын деп те айта алмаймын. Мен әрдайым жағдайға байланысты әрекет етем. Қазір Қазақстанда менде бәрі жақсы. Бұл команда маған көп нәрсе берді, мен де берерімді бердім деп ойлаймын. Дәл қазір менің бүкіл көздегенім – алда болатын іріктеу ойындары», - деді Адиев.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам