Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Реалдың» бұрынғы бас бапкері ауыр дертке шалдықты

Бүгін, 09:36

Тошак «Кардифф Сити», «Суонси Сити» және «Ливерпуль» командаларында өнер көрсеткен

«Реалдың» бұрынғы бас бапкері ауыр дертке шалдықты
Getty Images

77 жастағы уэльстік маман Джон Тошак деменция дертіне шалдыққаны белгілі болды. Бұл туралы оның ұлы Кэмерон Тошак Daily Mail газетіне берген сұхбатында мәлімдеді.

«Бұл – өте ауыр дерт. Ол көбіне қысқа мерзімді есте сақтау қабілетіне әсер етеді. Мен онымен күн сайын сөйлесемін. Бірақ түстен кейін ол таңертең сөйлескенімізді ұмытып қалады. Ал егер одан “Ливерпуль”, “Реал Сосьедад” немесе “Реалдағы” кездері туралы сұрасам, бәрін егжей-тегжейлі есіне түсіреді», – деді Кэмерон Тошак.

Футболшы ретінде Тошак «Кардифф Сити», «Суонси Сити» және «Ливерпуль» командаларында өнер көрсетті. «Ливерпуль» сапында ол үш рет Англия чемпионы (1972/73, 1975/76, 1976/77), Англия кубогының (1973/74), Англия Суперкубогының (1976), Чемпиондар кубогының (1976/77), Еуропа Суперкубогының (1977) және екі мәрте УЕФА кубогының (1972/73, 1975/76) жеңімпазы атанды.

Уэльс құрамасы сапында 40 матч өткізіп, 13 гол соққан.

Футболдағы мансабын аяқтағаннан кейін Тошак белгілі бапкерге айналды. Ол екі рет Уэльс құрамасын (1994, 2004-2010) және Реал Мадрид клубын (1989-1990, 1999) жаттықтырды. Сонымен қатар «Спортинг», «Реал Сосьедад», «Депортиво», «Бешикташ» және Солтүстік Македония құрамасын баптады.

Жаттықтырушы ретінде ол «Реалмен» Испания чемпионы (1989/90), «Реал Сосьедадпен» Испания кубогының иегері (1986/87), «Депортивомен» Испания Суперкубогының жеңімпазы (1995), ал «Бешикташпен» Түркия кубогының иегері (1997/98) атанған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам