Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Созылмалы болып кетті». Мәскеу дәрігері Зайнутдиновтің жарақаты күрделі екенін айтты

Бүгін, 10:36

Өкінішке қарай, әзірге нақты мерзім айта алмаймыз

«Созылмалы болып кетті». Мәскеу дәрігері Зайнутдиновтің жарақаты күрделі екенін айтты
«Динамо» клубының баспасөз қызметі

Мәскеудің «Динамо» клубы медициналық департаментінің директоры Михаил Бутовский Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновтың қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.

Маманның айтуынша, футболшының жарақатынан айығу процесі оңай жүріп жатқан жоқ.

«Жағдай айтарлықтай күрделі. Бізде нақты жоспар бар және соған сай жұмыс істеп жатырмыз. Өкінішке қарай, әзірге нақты мерзім айта алмаймыз. Бақтиердің осы маусымда алаңға оралуы мүмкін, біз мұны жоққа шығармаймыз. Өйткені жағдай кейде жақсы жаққа да, кері бағытта да тез өзгеруі мүмкін», – деді Бутовский.

Сондай-ақ ол бұл мәселенің ұзаққа созылғанын атап өтті.

«Бұл – бұрыннан келе жатқан жағдай. Тіпті созылмалы сипатқа ие деуге болады», – деп қосты маман.

Қазіргі таңда Зайнутдинов денсаулығына байланысты қиындықтарға тап болып отыр және мәскеулік клубтың медициналық штабының бақылауымен қалпына келу жұмыстарын жалғастыруда. Оның алаңға нақты қашан оралатыны әзірге белгісіз.

Еске салсақ, 27 жастағы футболшы былтырғы 19 қазаннан бері ресми матчтарға қатысқан жоқ. Сонымен қатар ол қысқы оқу-жаттығу жиыны аясындағы жолдастық кездесулерде де алаңға шықпады.

2025/26 жылғы маусымда Бақтиер Зайнутдинов «Динамо» сапында 10 матч өткізіп, бір сары қағаз алған. Өткен жылдың қазан айында алған ауыр жарақаты салдарынан ол ұзақ уақыт бойы қатардан тыс қалды.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам