Италия құрамасы Еуропа іріктеуінің плей-офф финалында Босния және Герцеговина құрамасына пенальти сериясында есе жіберген еді.
Италия спорт министрі Андреа Абоди футбол федерациясы президенті Габриэле Гравинадан отставкаға кетуін талап етті.
Министр Гравинаның алдында федерацияға басшылық еткен Джанкарло Абете мен Карло Тавеккьо ұлттық құраманың сәтсіздіктерінен кейін өз еріктерімен қызметтен кеткенін алға тартты.
«Мен одан жеке өзім отставкаға кетуін сұраймын. Ол өз абыройын сақтайды деп үміттенемін», - деді Абоди.
Италия құрамасы Еуропа іріктеуінің плей-офф финалында Босния және Герцеговина құрамасына пенальти сериясында есе жіберген еді. (негізгі уақыт - 1:1, пенальти - 1:4). Осылайша, төрт дүркін әлем чемпионы Италия қатарынан үшінші рет әлем чемпионатынан тыс қалып отыр (2018 және 2022 ж).
Келесі аптада Италияда FIGC кеңесінің отырысы өтіп, онда аталған жағдайға баға беріледі деп күтіліп отыр. Егер Гравина қызметінен кетсе, федерация басшысы лауазымына ықтимал кандидаттардың бірі ретінде Джованни Малагоның есімі аталды. Ол бұған дейін Италия ұлттық олимпиадалық комитеті президенті болған.
«Үміткерлер есімі атау әлі ерте. Соңғы 20 жылдағы жағдайды толық бағалау қажет, өйткені ол бізге көп теріс тәжірибе қалдырды. Қателік жасамау және ештеңе болмағандай кейіп танытпау маңызды», - деді Андреа Абоди.
Италия құрамасы соңғы рет 2014 жылы әлем чемпионатына қатысқан. 2018 жылғы турнирге олар Швеция құрамасына (0:1), ал 2022 жылғы іріктеуде Солтүстік Македония құрамасына (0:1) жол беріп, өте алмады.
Италия еәлем чемпионаттарындағы төрт рет топ жарған. Мұндай көрсеткішке Германия құрамасында да ие. Ал бес мәрте чемпион атанған Бразилия әлемде көш бастап тұр.