Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Барселона» сапына ауысқан қазақ баласының анасы пікір білдірді

01.04.2026, 21:23

Ол қазір 15 жаста.

«Барселона» сапына ауысқан қазақ баласының анасы пікір білдірді
instagram.com/atyrauoil.official

Қазақстандық жас талант Кәрім Меңдіқановтың каталониялық «Барселона» жүйесіне ауысқаны ресми түрде расталды. Бұл ақпаратты футболшының анасы Альбина Меңдіқанова Sports24.kz порталына берген сұхбатында нақтылады.

Оның айтуынша, трансфер толық рәсімделіп қойған, ал 15 жастағы ойыншы келесі маусымнан бастап «Барселона» құрылымына ресми түрде қосылады.

Кәрім бірнеше жылдан бері Испанияда футболмен айналысып келеді. Ол оң қапталда ойнайтын вингер ретінде көзге түсіп, өткен маусымда «Серданьола» сапында өнер көрсеткен. Сол кезеңде-ақ болашағынан үміт күттіретін шабуылшы ретінде танылды. Ал биылғы жылдың басында «Сан-Кугат» клубына ауысып, қысқа уақыт ішінде команданың негізгі ойыншыларының біріне айналды.

Дәл осы «Сан-Кугаттағы» ойыны оның мансабындағы бетбұрыс кезең болды. Шеберлігінің нәтижесінде оған бірқатар мықты клуб қызығушылық танытқан, ал қазақстандық аяқдоп шебері «Барселона» ұсынысын таңдады.

Қазірдің өзінде жас футболшы каталониялық клуб жүйесінде бірнеше жаттығуға қатысып үлгерген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам