Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Футбол төрешісін матч кезінде өлтіріп кетті

Бүгін, 09:47

Бірнеше белгісіз қарулы адам алаңға жақындап, төрешіге оқ жаудырған

Футбол төрешісін матч кезінде өлтіріп кетті
Jam press

Эквадордың Эль-Оро провинциясына қарасты Пасахе қаласында әуесқой командалар арасындағы футбол ойыны кезінде төреші Хавьер Ортегаға қарулы шабуыл жасалды. 

Куәгерлердің мәліметінше, матч өтіп жатқан сәтте бірнеше белгісіз қарулы адам алаңға жақындап, төрешіге оқ жаудырған. Оқиға ондаған көрерменнің көз алдында болған. Шабуыл жасағандар дереу қашып кеткен.

Хавьер Ортега алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы жағдайдан кейін матч бірден тоқтатылып, ойыншылар мен көрермендер қауіпсіз жерге жасырынуға тырысқан. Жергілікті билік оқиға орнын қоршауға алып, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін аумаққа кіруді шектеді.

Марқұмның жақындары да сол күні стадионда болған. Олар құқық қорғау органдарынан істі жан-жақты тергеп, кінәлілерді жауапқа тартуды талап етті. Қазіргі таңда полиция тергеу амалдарын бастады. Оқиғаға байланысты ұйымдастырушылар барлық жоспарланған матчтарды уақытша тоқтатты.

Айта кетейік, Хавьер Ортега жергілікті деңгейде кеңінен танымал төреші болған және әуесқой футбол матчтарын жиі басқарған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам