Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Мбаппе алаңға шығудан бас тартуы мүмкін

Бүгін, 12:30

Ол «Сантьяго Бернабеуде» өтетін алдағы ойындарға шығуға құлық танытпай отыр

Мбаппе алаңға шығудан бас тартуы мүмкін
әлеуметтік желі

«Реал Мадрид» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе маусым аяқталғанша командасының өз алаңындағы матчтарына қатыспауы мүмкін. Бұл туралы The Athletic басылымы мәлімдеді.

Ақпаратқа сәйкес, француз футболшысы «Сантьяго Бернабеуде» өтетін алдағы ойындарға шығуға құлық танытпай отыр. Бұған жанкүйерлердің соңғы уақытта Мбаппені бірнеше рет ысқырып, наразылық білдіруі себеп болған.

Форвард Ла Лиганың 35-туры аясында «Барселонаға» қарсы өткен матчты өткізіп алды. Кездесу «Спотифай Камп Ноу» стадионында өтіп, мадридтік клуб 0:2 есебімен жеңілген еді. Алғашында Мбаппенің жарақатына байланысты 24 сәуірден бері алаңға шықпағаны және матч алдындағы жаттығуда жайсыздық сезінгені хабарланған болатын.

Алайда бұдан бөлек тағы бір нұсқа айтылуда. Кей деректерге сүйенсек, Мбаппе «Барселонамен» ойынға негізгі құрамда емес, қосалқы құрамда қалатынын білгеннен кейін жаттығуды ерте аяқтап кеткен.

Қазір клуб тарапынан футболшының жарақатынан қашан толық айығатыны жөнінде нақты ақпарат жарияланған жоқ.

Маусымның соңғы бөлігінде «Реалды» тағы үш матч күтіп тұр. Мадридтік клуб 14 мамырда өз алаңында «Овьедомен» кездессе, 17 мамырда сырт алаңда «Севильямен» ойнайды. Ал 23 мамыр күні «Сантьяго Бернабеуде» «Атлетик Бильбаоны» қабылдайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам