Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Ертіс» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

Бүгін, 12:54

Оған қоса жаттықтырушылар құрамы да командадан кетті

«Ертіс» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті
БАТЭ

Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы Кирилл Альшевскиймен арадағы еңбек шарты тараптардың өзара келісімі негізінде тоқтатылғанын ресми түрде хабарлайды. Маманмен бірге жұмыс істеген жаттықтырушылар құрамы да командадан кетті.

Клуб басшылығы Кирилл Петрович қол астындағы жаттықтырушылар құрамына атқарған еңбекетері үшін алғыс айтып, алдағы мансабына сәттілік тілейді.

«Ертіс» футбол клубының бас бапкері міндетін атқарушы болып уақытша Валерий Белгібаев тағайындалды.

Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының тоғыз турында «Ертіс» алты ұпай жинап, турнир кестесінде 14-орында тұр. Павлодарлық клуб келесі кездесуін 16 мамыр күні өз алаңында «Елімайға» қарсы өткізеді. Матч Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам