Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Бахтиер Зайнутдинов ұзақ үзілістен кейін «Динамоға» қайта оралды

17.05.2026, 22:00

Зайнутдинов соңғы рет былтыр қазан айында алаңға шыққан

Бахтиер Зайнутдинов ұзақ үзілістен кейін «Динамоға» қайта оралды
© ФК «Динамо»

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов ұзақ үзілістен кейін мәскеулік «Динамо» сапына қайта қосылды.

Қазақ футболшысы Ресей Премьер-лигасының 30-туры аясында өтетін «Балтикаға» қарсы матчтың өтініміне енгізілді. Алайда ойынды қосалқы құрамнан бастайды.

Зайнутдинов соңғы рет «Динамо» сапында өткен жылдың қазан айында алаңға шыққан болатын. Кейін алған жарақатына байланысты бірнеше ай бойы ойындарға қатыса алмады. Осы маусымда қазақстандық футболшы клуб құрамында он матч өткізіп, әзірге гол не нәтижелі паспен ерекшеленген жоқ.

Қазір «Динамо» 42 ұпаймен РПЛ турнирлік кестесінің сегізінші сатысында тұр. Ал «Балтика» 46 ұпаймен алтыншы орында келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам