Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Нұралы Әліп «Зенит» сапында төртінші рет Ресей чемпионы болды

17.05.2026, 22:12

«Зенит» Ресейдің төрт дүркін чемпионы атанды

Нұралы Әліп «Зенит» сапында төртінші рет Ресей чемпионы болды
ФК "Зенит"

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Санкт-Петербургтің «Зенит» сапында Ресей чемпионы атанды.

Ресей Премьер-лигасының соңғы, 30-туры аясында «Зенит» сырт алаңда «Ростовты» 1:0 есебімен жеңді. Кездесудегі жалғыз голды 14-минутта Александр Соболев пенальтиден соқты. Ал қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп ойынға 67-минутта қосылды.

Осы жеңістің арқасында «Зенит» 68 ұпай жинап, қатарынан кезекті рет Ресей чемпионы атанды. Ал «Ростов» маусымды 33 ұпаймен аяқтады.

Айта кетейік, 2025/26 жылғы маусымда Нұралы Әліп барлық турнирде 26 матч өткізіп, бір голдың авторы атанған. Бұл – қазақстандық футболшының «Зенит» сапындағы төртінші РПЛ чемпиондығы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам