Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Өзбек футболшысы Түркияның үздік сұрмергені атанды

Бүгін, 11:09

Элдор Шомуродов Түркия Суперлигасының маусымын үздік бомбардир ретінде аяқтады

Өзбек футболшысы Түркияның үздік сұрмергені атанды
Instagram / Eldor Shomurodov

Өзбекстан құрамасының капитаны, «Истанбул Башакшехир» клубының шабуылшысы Элдор Шомуродов Түркия Суперлигасының маусымын үздік бомбардир ретінде аяқтады.

Өзбекстандық форвард чемпионат барысында 22 гол соғып, 5 нәтижелі пастың авторы атанды. Дәл осындай көрсеткішке нигериялық шабуылшы Пол Онуачу да жеткенімен, қосымша статистикалық көрсеткіштер бойынша Шомуродов маусымның үздік сұрмергені атанды.

Үздік үштікті бразилиялық жартылай қорғаушы Андерсон Талиска түйіндеді. Оның еншісінде – 19 гол және 4 ассист.

Шомуродов биылғы маусымда мансабындағы ең жарқын кезеңдердің бірін өткізді. Ол шешуші матчтарда тұрақты түрде гол соғып, «Истанбул Башакшехирдің» шабуыл шебіндегі негізгі көшбасшысына айналды.

Бұл нәтиже өзбек футболы үшін тарихи жетістік саналады. Бұған дейін Өзбекстан футболшылары Түркия Суперлигасының үздік бомбардирі атанбаған еді.

Маусымның үздік бес сұрмергені қатарына сондай-ақ Виктор Осимхен мен Мохамед Байо енді. Екі ойыншы да маусымды 15 голмен аяқтады.

Түркия Суперлигасының үздік бомбардирлері:

  • Элдор Шомуродов – 22 гол, 5 ассист
  • Пол Онуачу – 22 гол, 2 ассист
  • Андерсон Талиска – 19 гол, 4 ассист
  • Виктор Осимхен – 15 гол, 5 ассист
  • Мохамед Байо – 15 гол, 3 ассист
Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам