Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Уразбахтин Дастан Сәтпаевтың «Челсидегі» бапкері туралы пікір білдірді

Бүгін, 13:14

Ол Дастан Сатпаевтың өзін көрсетуге мүмкіндігі жоғары екенін атап өтті

Уразбахтин Дастан Сәтпаевтың «Челсидегі» бапкері туралы пікір білдірді
коллаж: 1bol.kz

Алматылық «Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин лондондық «Челси» тізгінін қолға алған Хаби Алонсо туралы пікір білдіріп, қазақстандық жас талант Дастан Сатпаевтың болашағына қатысты ойын айтты.

Қазақстандық жанкүйерлер арасында Дастан Сатпаевтың болашақта «Челсиге» ауысуы үлкен қызығушылық тудырып отырғаны белгілі. Әсіресе, клубтағы бас бапкер ауысқаннан кейін бұл тақырып қызу талқылана бастады.

Уразбахтин испаниялық маманның мүмкіндігін жоғары бағалап, оның жаңа клубта өзін дәлелдей алатынына сенім білдірді.

«Жақсы бапкер, жақсы адам. «Реалда» жүзеге аспаған дүниелер жаңа командада орындалуы мүмкін деп ойлаймын. Оның үстіне, «Челсиде» жастар көп. Сондықтан Хаби Алонсоның қолынан бәрі келеді деп сенемін», – деді «Қайрат» бапкері sports24kz-ке берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол Дастан Сатпаевтың да ағылшын клубында өзін көрсетуге мүмкіндігі жоғары екенін атап өтті.

«Көп нәрсе Дастанның өзіне байланысты. Барлығы оның аяғында, басында, өз қолында. Бірақ жалпы алғанда, оның өзін көрсетуге мүмкіндігі де өте жақсы», – деді Уразбахтин.

Айта кетейік, Испаниялық маман Хаби Алонсо лондондық «Челси» клубының жаңа бас бапкері атанды. Осылайша қазақстандық жас талант Дастан Сәтпаев енді әйгілі маманның қол астында өнер көрсетеді. 44 жастағы бапкермен жасалған келісімшарт төрт жылға есептелген. 

Англияға ауысқанға дейін Хаби Алонсо «Реал Мадрид» жүйесінде қызмет атқарды. Ал бапкер ретіндегі ең үлкен жетістігі «Байер» клубымен байланысты. Ол неміс командасын Бундеслигада тарихи жеңіліссіз чемпиондыққа жеткізіп, әлемдік футболдағы беделін айтарлықтай арттырды.

Ресми таныстырылымнан кейін Алонсо клуб жанкүйерлеріне алғашқы үндеуін жолдады.

«Челси» — әлемдегі ең ірі клубтардың бірі. Мұнда келгеніме және осы жобаның бір бөлігі болғаныма қуаныштымын. Клуб басшыларымен сөйлескен кезде ортақ мақсатымыз бар екенін түсіндім. Біз тұрақты түрде жоғары деңгейде ойнайтын әрі жүлделер үшін күресетін команда құрғымыз келеді. Қазір ең маңыздысы – тынымсыз еңбек, дұрыс мәдениет қалыптастыру және кубоктар жеңу, — деді испаниялық маман.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам