Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Қазақстан спортындағы коррупция тым өршіп кеткен – спорт комментаторы

20.02.2024, 15:07

«Түркістан Арена» стадионы миллиардтаған ақшаға салынып, бір жылдан кейін жөндеуге қайта жабылды

Қазақстан спортындағы коррупция тым өршіп кеткен – спорт комментаторы
otyrar.kz

Отандық футбол комментаторы Дидар Қадыров «Хабар-24» телеарнасына берген сұхбатында отандық спорттың құлдырауына себеп болған бірнеше факторды атады.

Журналистің айтуынша, спорт шенеуніктерінің жемқорлық жасау деңгейі тым ушығып кеткен.

«Қазақстан спортының басты проблемасы – жемқорлық деңгейінің шамадан тыс өсіп кеткені және бюджет қаражатын талан-таражға салу. Соның салдары спорттық инфрақұрылымның сапасына әсер етіп жатыр. Мысал ретінде «Түркістан Аренаны» айтуымызға болады. Оның құрылысына бюджеттен 30-40 млн доллар қаражат жұмсалды. Енді ашылмай жатып қайта жөндеу жұмыстарына жабылып қалды. Қостанайдағы «Тобыл Арена» да 5 млрд теңгеге салынды, ол стадион үшін бұл қаражат тым көп», - деді спорт журналисі.

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаттары да еліміздің спорт саласына шамадан тыс көп қаражат бөлінетінін, алайда одан спортшылар нәтижесі өзгермегенін айтып, салаға тексеру жүргізуді талап етті.

Футболдан әлемнің ең қызықты чемпионаттарын, соның ішінде Испания, Италия, Германия және Франция біріншілігін FONBET өз клиенттері үшін тегін көрсетеді. Егер тіркелмеген болсаңыз, қазір уақыты келді: 1bol промокоды арқылы тіркелген жаңа клиенттің әрбіріне 200 000 теңге бонус беріледі. http://www.fonbet.kz/s/gAiU3i

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам