Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

ҚПЛ-де жаңа көшбасшы: «Ордабасы» «Қайратты» жеңді

28.05.2026, 22:03

«Ордабасы» 28 ұпаймен ҚПЛ турнирлік кестесінде бірінші орынға көтерілді

ҚПЛ-де жаңа көшбасшы: «Ордабасы» «Қайратты» жеңді
ФК “Ордабасы”

Шымкенттің «Ордабасысы» Қазақстан Премьер-лигасының 12-туры аясындағы орталық матчта Алматының «Қайратын» жеңіп, турнир кестесінің көш басына шықты.

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда өткен кездесуге Орал қаласының төрешісі Болат Сариев жетекшілік етті.

Матчтың алғашқы минуттарында қонақтар басымдық танытып, шабуылды үдете түсті. Соның нәтижесінде Жоржиньо есеп ашып, «Қайратты» алға шығарды. Алайда алаң иелері үзіліске дейін таразы басын теңестіріп үлгерді. Гол авторы — Ги-Марселин Килама.

Екінші таймда шымкенттік клуб қарқынын күшейтіп, ойын тізгінін толық өз қолына алды. Кездесудің шешуші сәтінде Эльхан Астанов мергендік танытып, «Ордабасыға» жеңіс сыйлады — 2:1.

Осы нәтижеден кейін «Ордабасы» 28 ұпаймен ҚПЛ турнирлік кестесінде бірінші орынға көтерілді. Ал «Қайрат» 26 ұпаймен екінші сатыға сырғыды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам