Неймар әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін

Telegram WhatsApp

Оның жағдайы ұлттық команда бапкерлер штабы мен дәрігерлерін алаңдатып отыр

Getty Images
Getty Images

Неймар 2026 жылғы әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін. Бразилия құрамасының басты жұлдызы балтыр бұлшықетінен жарақат алып, оның жағдайы ұлттық команда бапкерлер штабы мен дәрігерлерін алаңдатып отыр.

RMC Sport таратқан мәліметке сәйкес, тәжірибелі шабуылшы жарақатты «Сантос» пен «Куритиба» арасындағы кездесуде алған. Матч 0:3 есебімен «Сантостың» жеңілісімен аяқталды. Ойын барысында Неймар оң аяғының балтыр тұсын зақымдап, алаңдағы қозғалысын еркін жалғастыра алмаған.

Кездесуден кейін футболшы бірден Бразилия құрамасының базасына барып, толық медициналық тексеруден өтті. Алайда алғашқы нәтижелер көңіл көншітпегені хабарланды. Дәрігерлер жарақаттың күткеннен күрделірек болуы мүмкін екенін жоққа шығармай отыр.

Қазір Неймардың әлем чемпионаты алдындағы жолдастық кездесулерге қатыспайтыны белгілі болып отыр. Ал оның мундиальда алаңға шығу мүмкіндігі ем қабылдау мен оңалту процесінің нәтижесіне тікелей байланысты болмақ.

Айта кетейік, 2026 FIFA World Cup турнирінде Бразилия құрамасы Марокко, Гаити және Шотландиямен бір топта ойнайды. Бұл дода тарихтағы ең ауқымды әлем чемпионаты болмақ. Алғаш рет турнирге 48 құрама қатысады.

Неймар үшін бұл әлем чемпионаты мансабындағы соңғы мундиальдардың бірі болуы мүмкін. Сондықтан оның жарақаты Бразилия жанкүйерлерін ғана емес, бүкіл футбол әлемін алаңдатып отыр.

Пікірлер

Жүктелуде…

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 4 771 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 58 199 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 288 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 523 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 582 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 287 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 170 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 296 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 831 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 499 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 336 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 309
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›