Француздар Парагвай ұлттық құрамасын ең төменгі есеппен жеңді
Франция ұлттық футбол құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды.
1/8 финалда француздар Парагвай ұлттық құрамасын ең төменгі есеппен – 1:0 есебімен жеңді.
Кездесудің жалғыз голы екінші таймда соғылды. Матчтың 68-минутында VAR көмегімен эпизодты қайта қараған төреші Парагвай қақпасына пенальти белгіледі. Екі минуттан кейін Франция құрамасының капитаны Килиан Мбаппе 11 метрлік айып добын дәл орындап, командасына жеңіс сыйлады.
Бұл гол Мбаппе үшін әлем чемпионаттарындағы 19-гол болса, 2026 жылғы мундиальдағы жетінші соққысы.
Енді Франция ширек финалда Марокко ұлттық футбол құрамасымен кездеседі. Марокколықтар бұған дейін 1/8 финалда Канада ұлттық футбол құрамасын 3:0 есебімен сенімді түрде жеңіп, келесі кезеңге өткен болатын.