Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Дональд Трамп араласқаннан кейін АҚШ ойыншысына көрсетілген қызыл қағаздың күші жойылды – БАҚ

Бүгін, 11:38

1/16 финалда қызыл қағаз алған АҚШ шабуылшысы келесі матчқа қатысатын болды

Дональд Трамп араласқаннан кейін АҚШ ойыншысына көрсетілген қызыл қағаздың күші жойылды – БАҚ
Getty Images

Футболдан Әлем чемпионатына саясат араласты. New York Times басылымының жазуынша, 1/16 финалда АҚШ құрамасының шабуылшысы Флориан Балогунге көрсетілген қызыл қағаз күшін жояды. Себебі ел президенті Дональд Трамп ФИФА басшыларына жеке хабарласып, америкалық футболшыны жазалаған төреші Рафаэль Клаустың үстінен шағымданған.

2 шілдеде АҚШ – Босния және Герцеговина арасындағы матчта (2:0) Балогун қызыл қағаз алып, ойыннан қуылған еді. Футбол ережесіне сәйкес, ол келесі матчқа қатыса алмайды. Алайда, ФИФА-ның тәртіптік кеңесі бұл жазаның күшін уақытша жойды. Яғни, шабуылшы Бельгиямен өтетін матчта алаңға шығады.

Басылымның хабарлауынша, АҚШ-тың президент әкімшілігі Рафаэль Клаус туралы ақпарат жинап, оның Бразилия чемпионатында келісілген матчтарда төрешілік еткенін, күдікті шешімдер шығарғанын анықтаған-мыс. Артынша бұл ақпарат толықтай ФИФА-ға берілген. Алайда, төрешіге қатысты айтылған айыптаулардың ешбірі әзірге дәлелін таппады.

Дереккөздердің мәліметінше, АҚШ футбол федерациясының инвесторы әрі демеушісі төрешіге қатысты бұған дейін айтылған айыптауларға назар аударғаннан кейін, шенеуніктердің бұл жағдайға деген қызығушылығы күшейген. Айтылғандай, осы ақпарат жоғары деңгейдегі талқылауларда көтерілген факторлардың бірі болған.

Сондай-ақ, бұл мәселе АҚШ президенті Дональд Трамп пен ФИФА президенті Джанни Инфантино арасындағы телефон арқылы сөйлесу барысында талқыланғаны хабарланды. Кейін Балогунға қатысты санкцияларды жеңілдету туралы шешім қабылданғаннан соң, тараптар қайта байланысып, Трамп бұл шешімді әділ деп бағалаған.

Бұдан бөлек, АҚШ президентінің ұлттық құраманың бас бапкері Маурисио Почеттиномен де сөйлесіп, командаға Бельгияға қарсы алдағы матчта сәттілік тілегені айтылды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам