Осылайша әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік туады дейді олар
Өзбекстанның атақты комментаторы Хайрулло Хамидов қазақ спортына қатысты өзінің пікірін білдірді. «BEK Sport» YouTube-каналына берген сұхбатында маман Өзбекстан футболының қазіргі хал-ахуалы, Қазақстан спортына деген көзқарасы туралы айтқан.
Хамидов жуырда Катарда өткен футболдан Азия кубогіне барып, матч жүргізген болатын. Сұхбат барысында ол осы турнирді және Қазақстан футболының аяқалысы туралы айтып берді.
«Қазақстан клубтарының Еурокубоктегі кейбір ойындарын тамашалап тұрамын. Өкінішке қарай, футболда Қазақстан Азияда қалғанда, қазір керемет дербилерді көретін едік. Өзбекстанның Еуропаға баруға ешқандай мүмкіндік жоқ. УЕФА-ға кіре алмайды. Сол үшін Азияға қайтуды әлі де ойланып көрсеңіздер жақсы болар еді. Егер Азияға келсеңіздер үздік төрттіктің қатарына кіріп, әлем чемпионатына шығуға мүмкіндік көп болады деп ойлаймын. Сондай-ақ, «Қайрат» пен «Пахтакордың» бұрынғы сұрапыл дербилерінің де жалғасын көретін едік», - деді Хайрулло Хамидов.
Ол Қазақстан құрамасының соңғы минуттардағы камбэктерін жиі байқайтынын атады.
«Элдор Шомуродовпен бір кездері бір клубта ойнаған Бақтиер Зайнутдинов қазіргі таңда Түркия чемпионатында өнер көрсетіп жүр. Оның деңгейі бірден байқалып тұр. Бірақ мен лидер футболшыларды мақтағым келмейді. Көбіне сол лидер футболшыларға көмектесіп жатқан ойыншылар көбірек еңбек етіп жатқан сияқты. Ұлттар лигасында да, іріктеу кезеңдерінде де Қазақстан құрамасы Еуропаның ең үздік командаларымен ойнады. Сол бәсекелерде ерлік көрсету тек жетекші футболшыларға байланысты емес. Бұл жерде қара жұмысты істейтін жартылай қорғаушылар, қапталдағы футболшылардың еңбегі көп. Қазақстанның қазіргі құрамын ең таланатты футболшылар шоғырланған құрам деп айта алмаймын. Бұрынғылармен де салыстыра алмаймын. Бірақ ең мінезді құрам деп айтуға болады», - деді Х.Хамидов.
Бұдан бөлек, футбол комментаторы бокс секілді жекпе-жек сындарын мүлдем қарамайтынын атады.
«Шынымдай айтайын, боксқа аса қатты қызықпаймын және футболдан басқа спорт түрлерін жүргізбеймін. Сондай-ақ, бірқатар спорт түрін мүлде көрмеймін. Қарамайтын спорт түрінің бірі – бокс, жекпе-жек түрлері. Яғни, адамның қаны төгілетін спорт түрлерін көргім келмейді. Алайда, Қазақстан мен Өзбекстан боксшыларының жекпе-жектерінде араға түсіп қалған кездерім болған. Индонезияда өктен Азия ойындарында қазақстандық әріптестеріміз келіп болжамымды сұрады. Біз ол жаққа жанкүйер болып барғанбыз, қазақ-өзбек боксшылары бір-бірімен кездесіп жатқандықтан кездесулер әрқашан қызық өтеді», - деді Х.Хамидов.